"Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үрдістері" атты республикалық конференциясы
2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында "Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үрдістері" атты республикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.
Аталған шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры Юсупова А.Х., бас есепші Д.Б. Қазкенова, ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н. Нұрсейітова, ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А. Маханбетова және топ жетекшісі А.Н. Шуленбаева. қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.К. Бектұрбекова, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А. Тоқтарова. сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің мамандары Т.Н. Урманбеков және Е.С. Қабдрашидов қатысты.
Шараны модератор - Маңғыстау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Байпақов Әбілхайыр Жаңайұлы жүргізді.
Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы пленарлық отырыста Маңғыстау облысының және Қ. Сыдиықұлы атындағы МОӘК-ның 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, бірқатар әріптестерімізді "Қазақстанның құрметті кітапханашысы", "Кітапхана ісінің үздігі", "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшысы Қуат Бораштың құттықтау хатын табыстады.
ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Урманбеков Таңжарық мерейтойға арнап арнау орындады.
Шараға республикалық және облыстық кітапхана басшылары, кітапхана ардагерлері, маңғыстаулық ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. ...
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі ...
28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз көктемнің жүрегі" атты кітаптың авторы ақын Ақшагүл Рамазанованың ...
2-сәуір күні «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акциясы аясында облыстық кітапханасының өнер бөлімінде жазушы шығармаларынан «Өнерлі жастар ...
22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән үйінің басшысы, ұйымдастырушысы, алғашқы ой елегін өткізіп, ...
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда ...
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сонымен қатар жұмыста қайтыс болған немесе жарақат алған ...
23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - 2023 мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға қала тұрғындары мен ...
12-сәуір күні облыстық кітапханада "Мағжанмен бір жыл" жобасы аясында «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған ...
Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақтап, ұлықтала бермек. Осындай тарихи тұлғалардың ...